logo

Санжар Қартай аралас жекпе-жектен жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль жеңіп алды

Санжар Қартай аралас жекпе-жектен жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль жеңіп алды

ММА бойынша Қазақстан құрамасы Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында екінші алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жолы 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Санжар Картай чемпион атанды.

Финалда қазақстандық спортшы бахрейндік Султанахмед Султанахмедовты жеңді.

Айта кетейік, осы спорт түрінен бұған дейін 50 келіге дейінгі салмақта Амелина Бакиева алғаш болып алтын медаль иеленген еді.



Күн шежіресі