logo

Амелина Бакиева жасөспірімдер Азиадасының жеңімпазы атанды

Амелина Бакиева жасөспірімдер Азиадасының жеңімпазы атанды

Аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының өкілі Амелина Бакиева Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

50 келіге дейінгі салмақтың финалында қазақстандық спортшы Үндістан өкілі Шрия Сатамды мерзімінен бұрын ұтты.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын медаль бар. Бұған дейін велошабандоздар мен таеквондошы Айым Серікбаева бірінші орын иеленген болатын.



Күн шежіресі