Софья Берульцева: Маусымды жақсы бастасақ, солай жалғасын табады деп сенемін

Каратеден Токио-2000 Олимпиадасының жүлдегері және Ханчжоу-2023 Азия Ойындарының жеңімпазы Софья Берульцева Sport+ тілшісіне берген сұхбатта осы аптада Парижде өтетін турнир жайында айтты.
«Бұл мен үшін осы жылдағы алғашқы жарыс. Сондықтан үмітім зор. Қарсыластарымның бәрін білем деп айтуға болады, өйткені бұндай жарыстарға тек топ-100 санатындағы спортшылар қатысады, оған қоса әр салмақта бар болғаны 32 адам.
Маусымды жақсы бастасақ, солай жалғасын табады деп сенемін.
Бүгін Парижге жеттік. Дайындығымыз ойдағыдай, ешқандай жарақатсыз келдік»
Былтырғы Париж премьер-лигасында Қазақстан каратешілері 3 қола медаль иеленген еді. Жүлдегер атанған спортшылар: Мөлдір Жаңбырбай (50 келі), Гүлмира Үсенова (55 келі), Абылай Төлтай (+84 келі).
24-26 қаңтар аралығында Парижде каратеден Premier league турнирі өтеді. Жарысқа Софья Берульцева (+68 келі) және басқа да отандық спортшылар қатысады.
Беделді бәсекенің соңғы күні тікелей эфирде Sport+ телеарнасы және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.