logo

«Жетісу» кезекті турды жеңіспен бастады

«Жетісу» кезекті турды жеңіспен бастады

«Жетісу» клубы Талдықорған қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының үшінші турын сәтті бастады, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

Сейсенбі күнгі соңғы ойында Марат Адрышевтің шәкірттері өткен жылғы күміс жүлдегер «Павлодар» командасымен кездесті.

Алғашқы екі кезеңде павлодарлықтар 25:16, 25:17 есебімен басым түсті. Алайда бұдан кейін «Жетісу» жинақы ойнап, камбэк жасай білді – 25:16, 25:23, 15:11. Қорытынды есеп – 3:2.

Осылайша, ұпай санын 26-ға жеткізген талдықорғандықтар турнир кестесіндегі үшінші орнын сақтап қалды.

Сәрсенбі күні «Буревестник» - «Жайық», «Есіл» (СҚО) – «Ұшқын-Көкшетау», «Атырау» - «Ақтөбе», «Тараз» - «Жетісу» командалары өзара шеберлік байқасады.