Жеңіл атлетикадан ел кубогы мен чемпионаты басталды

Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының кубогі мен 2008-2009 жылдары туған ұл-қыздар арасында ҚР чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport+
Байрақты бәсекеде 640 спортшы бағын сынауда, оның 396-сы ересектер болса, 244-і - ҚР кубогінің қатысушылары.
Бұл іс-шара 25 қаңтарда өтетін Astana INDOOR MEET for prizes Amin Tuyakov World Athletics Indoor Tour Gold Level сайысы алдындағы дайындықтың маңызды кезеңі болып саналады. Дүбірлі додада әлемнің үздік спортшылары – Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем рекордшыларының басы қосылады.