Шермахамбет Албаниядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық балуан Мейіржан Шермаханбет Албанияда өткен рейтингтік турнирде грек-рим күресінен алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.
Тирана қаласында өткен Мухамет Мало халықаралық турнирі финалында (67 келі) Мейіржан Шермаханбет грузиялық балуан Диего Чхиквадзені жеңді.
Финалға дейін қазақстандық үш белдесу өткізді. 1/8 финалда эквадорлық Андреас Монтаноны айқын басымдықпен ұтты. Ширек финалда Әзербайжан өкілі Махаммад Шукирзадеден (4:0) басым түсті. Ал жартылай финалда грузиялық Жони Хетсурианиді (3:1) жеңді.
Қола медальді (63 келі) Ернұр Фидахметов иеленді. «Қола» үшін белдесуде ол ирандық Али Нураейден басым түсті.