Грек-рим және әйелдер күресі бойынша ҚР чемпионатының финалистері анықталды
Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты жалғасуда. 2 желтоқсанда еркін белдесулер мен плей-офф кезеңдері грек-рим күресі бойынша ерлер арасында бес салмақта, сондай-ақ қыздар арасында екі салмақта өтті.
Белдесулердің нәтижесі бойынша финалдар анықталды:
60 келі — Ербол Камалиев — Исхар Курбаев
67 келі — Бағдат Сабаз — Мейіржан Шермаханбет
87 келі — Нұрсұлтан Тұрсынов — Тимур Оспанов
97 келі — Ерзат Ерланов — Нұрасыл Аманалы
50 келі, әйелдер — Лаура Ғаниқызы — Марал Таныбергенова
59 келі, әйелдер — Мадина Аман — Виктория Хусаинова
Финалдық белдесулер 3 желтоқсанда өтеді. Оларды тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.