Күрестен Қазақстан чемпионатында алғашқы финалистер анықталды
Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды, алғашқы болып медаль үшін таласқа грек-рим күресінің спортшылары кірісті.
Жарыстың бірінші күнінде бірнеше салмақ дәрежесінде финалистер анықталды:
55 келіге дейін: Алпамыс Дастанбек — Нұрсат Қабдрахимов
63 келіге дейін: Сайфулла Курман — Дастан Зарлыханов
72 келіге дейін: Николай Хапко — Алматбек Аманбек
77 келіге дейін: Мерей Мәулітканов — Қахарман Қисыметов
82 келіге дейін: Әлмир Төлебаев — Ибрагим Магомадов
130 келіге дейін: Жохар Узаров — Әлішер Ерғали
Финалдық кездесулер 2 желтоқсанда өтеді.