logo

Sport+ күрестен Қазақстан чемпионатын көрсетеді

Sport+ күрестен Қазақстан чемпионатын көрсетеді

Желтоқсан айында Алматыда ересектер арасында күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+.

Кілемге еркін, грек-рим және әйелдер күресінің өкілдері шығады.

Еліміздің түрлі өңірлерінен шамамен 1000 спортшының қатысуы күтіледі. Медаль үшін ұлттық құраманың көптеген көшбасшылары бақ сынайды.

Жарыстар 1–6 желтоқсан аралығында өтеді. Чемпионатты Almaty Arena қабылдайды.

Чемпионатты тікелей эфирден Sport+Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.