Зейнеп Баянова әйелдер күресінен Ислам ойындарында үшінші орын алды
Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз әйелдер күресінен үшінші орынға ие болды.
Зейнеп 53 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Тәжікстан спортшысы Ватансултон Шакаршоованы 14:3 есебімен жеңді.