logo

Айдар Арапов: Ислам ынтымақтастығы ойындарда қарсыластарымыз мықты

Айдар Арапов: Ислам ынтымақтастығы ойындарда қарсыластарымыз мықты

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Айдар Арапов Эр-Рияд (Сауд Арабиясы) қаласында басталған Ислам ынтымақтастығы ойындарына дайындығы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.

«Ауа-райы қолайлы. Біздер 9 күні күресеміз. Алдағы жарысқа жақсы дайындалдық, Ресей мен Жапонияда үш оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Дайындық өте жақсы. Қарсыластарымыз мықты — олардың арасында Әзербайжан мен Өзбекстан Олимпиада және Әлем чемпиондары келіп отыр. Бірақ алтын медальдар аламыз деген үміттеміз», — деді спорты. 

Дзюдошылар ойындарды алғашқылардың бірі болып бастайды. Дзюдо бойынша алғашқы жарыстар 8 қарашада өтеді.

Қазақстан құрамасының дзюдо бойынша толық құрамы төмендегідей:

Мәди Амангелді, Айдар Арапов, Бақжан Байтас, Шерзод Давлатов, Ержан Еренғайыпов, Толғанай Әбеуова, Диана Бөркеева, Аруна Жанғелдіна, Назгүл Маратова, Дина Мұханбет, Самалай Ерғалиева. 



Күн шежіресі