Семсерлесуден Венгриядағы Гран-при турнирі: ұлттық құраманың тізімі
Венгрияның Будапешт қаласында семсерлесуден Гран-при санатындағы халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл беделді жарыста Қазақстан құрамасының намысын 15 спортшы қорғайды.
Құрама сапында Эльмир Әлімжанов, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов, Ерлік Сертай, Богдан Лукин, Аңсар Қасен, Михаил Кузьмин, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов, Георгий Тинников, София Николайчук, Владислава Андреева, Виктория Қайдарова және Ләззат Қарипова бар.
Айта кетейік, Гран-при жарысы 19 сәуірге дейін жалғасады.