Астанада өткен Әлем кубогында шпагашы Руслан Курбанов күміс жүлде жеңіп алды
Астанада өтіп жатқан семсерлесуден (шпага) Әлем кубогында қазақстандық Руслан Курбанов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Финалда жерлесіміз Украина құрамасының өкілі Роман Свичкарға жол берді.
Шешуші кездесу 15:12 есебімен Свичкардың пайдасына аяқталды. Осылайша, Руслан Курбанов жарысты екінші орынмен түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін Курбанов Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жеткен болатын.