Қазақстандық семсерлесушілер кадеттер арасында Азия чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды
Қазіргі таңда Джакартада (Индонезия) семсерлесуден кадеттер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Кадеттер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды.
Айбар Қайым қылыштасудан үшінші орын алды.
Сондай-ақ семсерлесуден қыздар арасындағы командалық жарыста Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды.
Ел намысын Дарья Самоделкина, Сабина Серикова, Полина Лесовская және Арина Наместникова қорғады.