«Шахтердің» тарихи матчы. «Түркістан» – «Шахтер» ойының тікелей эфирі

Өткен маусымға дейін қарағандылық «Шахтер» Премьер-лигадан бірде-бір рет түспеген жалғыз клуб болатын.
Осылайша, Бірінші лиганың бірінші турында «Түркістанға» қарсы матч қарағандылық клуб үшін тарихи оқиға болмақ.
Премьер-лигадағы орнын бірден қайтару үшін «Шахтер» көпжылдық капитаны әрі көшбасшысы Игорь Шацкийді құрамға қайтарды. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасында ойнаған Рафаиль Оспанов, Олжас Керімжанов, Михаил Габышев, Рифат Нұрмағамбет пен Юрий Перцух сынды ойыншылармен келісімшарт жасалды.
Екі команда да Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңіндегі матчтарда біршама тәжірибе жинақтады, алайда бірінші айналымда жарысты аяқтады. Жеребенің шешімімен «Шахтер» Бірінші лига маусымының фавориттерінің бірі — «Ертіспен» жолығып, пенальти сериясында жеңіліп қалды. Жалғыз голдың авторы Диас Қалыбаев болды.
Ал «Түркістан» Кубоктың бірінші айналымында SD Family командасына 5:0 есебімен жеңілді.
«Түркістан» — «Шахтер» матчы Бірінші лиганың бірінші туры аясында 9 сәуір күні сағат 14:00–де өтеді.
Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және YouTube арнасынан көруге болады.