logo

Стоиловтың «Гезтепесі» 94-минутта жеңілістен аман қалды (видео)

Стоиловтың «Гезтепесі» 94-минутта жеңілістен аман қалды (видео)

Түркия чемпионатының 30-туры аясында Стоилов жаттықтыратын «Гезтепе» өз алаңында «Газиантепті» қабылдады, деп хабарлайды Sport+.

Бірінші таймның соңында алаң иелері есеп ашуға мүмкіндік алды, бірақ бразилиялық Ромуло пенальтиді орындай алмады. Бұл сәтсіздік үшін «Гезтепе» 48-минутта жазаланды — голды Халил Дервишоғлу соқты.

Нәтижесінде, Стоиловтың шәкірттері есепті тек 94-минутта теңестіре алды — дәл соққыны Кубилай Канатсызкуш жасады.

Бұл тең ойыннан кейін екі команда да 39 ұпаймен теңесті. Алайда, «Гезтепе» жақсырақ гол айырмашылығының арқасында 7-орында тұрса, «Газиантеп» 8-орында орналасқан. 



Күн шежіресі