Sport+ футболдан Қазақстан Бірінші лигасының матчтарын көрсетеді

9-10 сәуір күндері Қазақстанның Бірінші лигасының маусымы басталады. Бірінші турдың екі ойынын тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан тамашалауға болады.
9 сәуір күні сағат 14:00–де маусымды жоғары лигаға үміткерлердің бірі — қарағандылық «Шахтер» бастайды. Команда сапын болашағынан үміт күттіретін жастармен және бас бапкер қызметіне келген Иржи Ярошикпен ғана емес, сондай-ақ Премьер-лигада мол тәжірибесі бар ойыншылармен де күшейтті. Қарағандыға Игорь Шацкий, Рафаиль Оспанов, Юрий Перцух, Рифат Нұрмағамет, Олжас Керімжанов сынды футболшылар келді.
10 сәуір күні тікелей эфирде Алматыда өтетін матчты көруге болады: Кирилл Морунов жаттықтыратын SD Family өздерінің бұрынғы командасы — «Қайрат-Жастармен» кездеседі. «Қайрат-Жастар» клуб академиясынан келген жаңа талантты жастармен толықты.