logo

«Бешікташ» Стамбұл дербиінде тең нәтижеге қол жеткізді (видео)

«Бешікташ» Стамбұл дербиінде тең нәтижеге қол жеткізді (видео)

Түркия Суперлигасының 30-туры аясында «Қасымпаша» өз алаңында Стамбұлдың көршілері — «Бешікташты» қабылдады, деп хабарлайды Sport+.

Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Есепті 14-минутта алаң иелері ашты — голды Мортада Бен Уанес соқты. Ал 44-минутта «Қара бүркіттер» бір ойыншысынан айырылды — Тайып Сануч екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

Соған қарамастан, Сульшердің шәкірттері есепті теңестіре алды — 89-минутта гол авторы Жедсон Фернандеш атанды.

Бұл тең ойыннан кейін «Бешикташ» турнир кестесінде 47 ұпаймен 4-орында қалды, ал «Касымпаша» 39 ұпаймен 9-орынға тұрақтады.



Күн шежіресі