«Спортинг» пен «Брага» тең түсті: соңғы минуттағы драмалық сәт

Португалия чемпионатының 28-турында «Спортинг» өз алаңында «Брага» командасын қабылдады, деп хабарлайды Sport+.
Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
15-минутта Виктор Дьёкереш «Спортинг» үшін есеп ашты. Алайда 87-минутта Афонсу Патран «Брага» үшін есепті теңестірді.
Бұл гол Дьёкереш үшін чемпионаттағы 31-ші, ал жалпы осы маусымдағы 44-ші голы болды.
«Спортинг» ұпай жоғалтты, ал «Брага» матчтың соңында тең ойынға қол жеткізіп, турнирлік кестеде жағдайын жақсартты.