logo

Садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия кубогының чемпионы атанды

Садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия кубогының чемпионы атанды

Қазақстанның садақ атудан ұлттық құрамасы Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Блокты садақ атудан әйелдер құрамасы тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Финалда Виктория Лян, Роксана Юнусова және Диана Юнусова Үндістан құрамасын 229:227 есебімен жеңді.

Айта кетейік, алда біздің құраманы командалық жарыстарда тағы екі финал күтіп тұр. Классикалық садақ атудан ерлер және әйелдер құрамалары алтын жүлде үшін бақ сынайды.



Күн шежіресі