logo

Астана семсерлесуден Әлем кубогының кезеңін қабылдауда

Астана семсерлесуден Әлем кубогының кезеңін қабылдауда

Бүгін, 26 наурызда елордада семсерлесуден Әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнир Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) қолдауымен өтіп жатыр және алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылуда. Осылайша еліміз дәстүрлі түрде Швейцария, Германия, БАӘ және Канадада өтетін осы деңгейдегі жарыстар қатарын толықтырды.

Жарысқа 222 әйел және 272 ер спортшы қатысуда. Командалық бәсекеде 31 ерлер және 23 әйелдер құрамасы сынға түседі. Жалпы қатысушылар саны 1000 адамнан асады.

Қазақстан атынан 30 спортшы бақ сынауда. Олардың қатарында Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов бар.



Күн шежіресі