logo

Алижан Мұхаметов ушу-таолу бойынша жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Алижан Мұхаметов ушу-таолу бойынша жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қытай Халық Республикасының Тяньцзинь қаласында ушудан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстандық спортшы Алижан Мұхаметов ушу-таолу бағдарламасында сәтті өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды.

Өз тобында ол 60 қатысушының арасынан жүлдегерлер қатарына еніп, жоғары дайындық деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді.

Алижан — қазақстандық ушудың үздік өкілдерінің бірі. Жаттықтырушылар штабының айтуынша, ол тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп, ірі халықаралық жарыстарда сенімді өнер көрсетіп келеді.

Жастар арасындағы бұл әлем чемпионатына 78 елден 1000-нан астам спортшы қатысуда. Аталған дода ушу спортындағы маңызды халықаралық жарыстардың бірі саналады.



Күн шежіресі