logo

Роналду АФК жартылай финалдық ойынына шыға ма? «Әл-Наср» мен «Кавасаки» матчын қайдан көреміз?

Роналду АФК жартылай финалдық ойынына шыға ма? «Әл-Наср» мен «Кавасаки» матчын қайдан көреміз?

30 сәуір күні Әр-Рияд қаласында Азия Чемпиондар лигасының жартылай финалдық ойыны өтеді. Бұл күні «Әл-Наср» мен «Кавасаки» командалары кездеседі, деп хабарлайды Sport+.

Криштиану Роналду бастаған команда плей-офф кезеңінде сенімді өнер көрсетіп, бұған дейін «Эстеглал» мен «Йокогаманы» жеңіп шықты. Енді португалиялық жұлдыздың Азия Чемпиондар лигасындағы алғашқы финалындағы жолда тағы бір жапондық клуб тұр.

«Кавасаки» Сауд Арабиясының финалда бас қосуына жол бермеу үшін барын салады, бірақ олардың қазіргі жағдайы алаңдатады. Команда соңғы алты ойында негізгі уақытта бірде-бір жеңіске жете алмай, бес рет тең түсіп, бір рет жеңілген.

Ойынның тікелей көрсетілімі Астана уақытымен 21:30-да басталады. Матчты Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі