Саудия командаларының қайсы финалға шығады? «Әл-Хилял» — «Әл-Ахли» матчын қайдан көреміз?

29 сәуір күні Эр-Рияд қаласында Азия Чемпиондар лигасының жартылай финалдық ойыны өтеді. «Аль-Хиляль» мен «Аль-Ахли» командалары кездеседі, деп хабарлайды Sport+.
Алаң иелері – Сауд Арабиясының қазіргі чемпионы. Өткен маусымда олар Чемпиондар лигасының финалына шыға алмады. Биыл Жорже Жезус жаттықтыратын команда өз жанкүйерлері алдында өткен маусымдағы сәтсіздікті жуып-шайып, жақсы таныс қарсыласына қарсы ойында жеңіске жетуге тырысады.
«Аль-Ахли» ішкі біріншілікте чемпиондыққа таласып жатқан жоқ, сондықтан бар күшін Чемпиондар лигасына салып отыр. Биыл бұл екі команда бір-біріне қарсы екі рет ойнап, әрқайсысы бір-бір жеңіске жеткен.
Маусымдағы бұл үшінші кездесу қалай аяқталады және финалда Сауд Арабиясын қай команда таныстыратынын бүгін сағат 21:30-да тікелей эфирде Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан біле аласыздар.