logo

Ризабек Айтмұхан Олимпиада чемпионын жеңіп кетті

Ризабек Айтмұхан Олимпиада чемпионын жеңіп кетті

Ислам Ынтымақтастығы ойындарында еркін күрестің балуандары жартылай финалдық белдесулерін өткізіп жатыр.

Әлем чемпионы, 97 келідегі Ризабек Айтмұхан 1/2 финалда Париж Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы Ахмед Тажудиновпен (Бахрейн) күш сынасып, 15:3 есебімен талқандады.

Енді отандасымыз Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Амир Али Азарпирамен (Иран) чемпиондық атаққа таласады.