logo

Исламиада-2025: Балуан Ислам Евлоев күміс жүлдегер атанды

Исламиада-2025: Балуан Ислам Евлоев күміс жүлдегер атанды

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Ислам Евлоев Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жерлесіміз 87 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетті.

Ислам шешуші белдесуде биыл 82 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанған ирандық Голамреза Фарохимен күш сынасты.

Фарохи ақтық сында 6:0 есебімен жеңіске жетті. Евлоев жарысты күміс жүлдемен аяқтады.