Рейнольдстың клубы «Аристократтармен» кездеседі: «Рексхэм» – «Челси» матчының тікелей эфирі
«Рексхэм» актер Райан Рейнольдстің қолына өтіп, бірнеше жылдың ішінде ұлттық лигадан Чемпионшипке дейін көтеріліп, келесі маусымда АПЛ-да ойнауға мүмкіндік беретін плей-офф аймағына шықты.
Биыл «қызыл айдаһарлар» Англия кубогында да белсенді күресіп, Премьер-лиганың бір өкілі «Ноттингем Форестті» жарыстан шығарды.
Енді олардың жолында «Челси» тұр. Апта ортасында «аристократтар» «Астон Вилланы» сенімді түрде жеңіп, Чемпиондар Лигасында өз жолын жалғастыруда.
«Синдер» «Рексхэмнің» жаңа құрбаны бола ма, әлде «Челси» жарысқа жалғастыра ма — бәрін 7 наурыз күні сағат 22:45–де білеміз.
Ойынды тікелей эфирде sportplustv.kz сайтынан көруге болады.