logo

Владимир Чебурин «Атырау» клубының бас бапкері болып тағайындалды

Владимир Чебурин «Атырау» клубының бас бапкері болып тағайындалды

«Атырау» 60 жастағы қазақстандық маман Владимир Чебуринді бас бапкер қызметіне тағайындағанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Владимир Чебуриннің соңғы жұмыс орны — «Жальгирис» клубы болды. Командада қызмет еткен кезеңде ол Литва чемпионатын үш рет жеңіп алып, Кубок пен Суперкубокты екі рет иеленді. Ал 2022 жылы клуб тарихында алғаш рет еурокубоктардың топтық кезеңіне жолдама алды. Бапкердің жетекшілігімен Вильнюс клубы жалпы 228 матч өткізіп, оның 131-інде жеңіске жетті.

Сонымен қатар Владимир Чебурин Қазақстан жастар құрамасында (U-21) аға бапкер ретінде жұмыс істеп келеді.



Күн шежіресі