Рафиков Семейдегі NAIZA турнирінің басты мәселесін туралы: Менің ойымша, мені дұрыс түсінеді

NAIZA және Fight Night белбеуінің иегері Фаниль Рафиков Семейде өтетін NAIZA турнирінің басты мәселесін атады, деп хабарлайды Sport+.
Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде Тимур Серікұлы мен Тамерлан Саралапов кездеседі:
— Қазіргі шындық мынадай: жақсы төбелесе білу жеткіліксіз, ондай жігіттер көп, бәсеке күннен-күнге артып келеді. Сондықтан жекпе-жектерді сата білу, оларды дұрыс жарнамалау маңызды. Бұл тікелей түрде спортшының қаламақысына әсер етеді — әркімнің отбасын асырауы керек. Көрермен мен промоушенге қызық болу үшін бірлескен жұмыс қажет. Ешкім арсыз сөз айтып, жеке басқа тиіс деп жатқан жоқ, бірақ жекпе-жекті дұрыс әрі әдемі жарнамалай білу керек. Өзіңе қызығушылықты қаншалықты дұрыс арттыра алсаң, жекпе-жектерің де соншалықты қызық болады.
Тимур мен Тамерланға тек спорттық қана емес, медиа бағытта да жұмыс істеу қажет. Менің ойымша, жігіттер мені дұрыс түсінеді.
Турнир 28 маусым күні өтеді. Оны тікелей эфирде Sport+ арнасы көрсетеді.