Азат Мақсұм UFC-де екінші жеңілісіне ұшырады

Қазақстандық ММА шебері Азат Мақсұм UFC-дегі үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sport+.
Бакуде өткен турнирде Азаттың қарсыласы Тагир Уланбеков болды. Жекпе-жек толық қашықтыққа созылып, төрешілер шешімімен ресейлік спортшы жеңіске жетті.
Бұл жеңіліс Мақсұм үшін қатарынан екінші болды — бұған дейін ол Чарльз Джонсонға да төрешілер шешімімен есе жіберген еді.