Сағындық Мекеев Серыкұлы – Саралапов жекпе-жегі туралы: Тамерлан – Тимурға қарағанда қуаттырақ

Қазақстанның ММА және панкратион федерациясының президенті Сағындық Мекеев Sport+ арнасына берген сұхбатында Тамирлан Саралапов пен Тимур Серікұлы арасындағы чемпиондық жекпе-жекке болжам жасады.
«Физикалық тұрғыдан алғанда Тамирлан — Тимурға қарағанда қуаттырақ. Тамирлан алғашқы раундтарда жеңіске жетуге, тіпті Тимурды мерзімінен бұрын тоқтатуға мүмкіндігі бар. Бірақ салмақ қуу мәселесі бар — ол бұл процесті ауыр көтереді, Қостанайда салмақты түсіре алмағанын ұмытпаңыздар. Ал егер Тимур чемпиондық раундтарға дейін жетсе, 4-5-раундтарда Темірланға өте қиын болады. Менің ойымша, олардың мүмкіндіктері 50 де 50. Өте қызықты жекпе-жек болғалы тұр. Өкінішке қарай, осы жолы турнирге бара алмаймын — көптеген жылдарда алғаш рет NAIZA-ны жіберіп алғалы тұрмын. Бірақ бұл керемет, көрерменге ұнайтын айқас болатынына сенімдімін», — деді Мекеев.
Жекпе-жек Семей қаласындағы NAIZA турнирінің басты оқиғасы болмақ. Турнирді тікелей эфирде Sport+ арнасы көрсетеді.