logo

Қазақстан хоккей құрамасы Канадаға есе жіберді

Қазақстан хоккей құрамасы Канадаға есе жіберді

Қазақстан хоккей құрамасы Универсиада-2025 топтық кезеңінің үшінші турындағы матчта Канададан (3:4 Б) жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстандықтар Андрей Буяльский, Иван Гавриленко және Максим Мусоров соққан шайбалардың арқасында соңғы минутқа дейін есепте алда болды. Алайда канадалықтар негізгі уақыт аяқталарда 20 секунд ішінде екі гол соғып, есепті теңестірді. Буллиттер сериясында жеңісті Канада құрамасы тартып алды.

Айта кетейік, бұл жеңіліс Қазақстан құрамасының турнирдегі алғашқысы болды. Бұған дейін ұлттық команда Швецияны (9:2) және Оңтүстік Кореяны (7:1) ұтқан болатын.