Қазақстан волейбол құрамасы AVC Ұлттар кубогына қатысады

Қазақстан волейбол құрамасы AVC Ұлттар кубогына қатысады

Волейболдан Қазақстанның ерлер құрамасы Үндістанда өтетін AVC Ұлттар кубогына қатысады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы А тобына түсті. Бұл топта Бахрейн, Аустралия, Үндістан, Тайбэй және Жаңа Зеландия құрамалары да өнер көрсетеді.

Турнир 20 маусымда басталып, 28 маусымға дейін жалғасады. Қазақстандық волейболшылар алғашқы ойынын Үндістан құрамасына қарсы өткізеді.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы AVC Ұлттар кубогында Қазақстан құрамасы төртінші орын алған болатын.



Күн шежіресі