Қазақстан велошабандоздары Азия чемпионатына қатысуда

Таиландта тас жолындағы велоспорттан Азия чемпионатының кезекті жарыс күнін Қазақстан спортшылары жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды Sport+
Пхитсанулок қаласындағы біріншілікте 23 жасқа дейінгі велошабандоздар арасында топтық (127,1 шақырым) сайыс өтті. Жарыс жолына төрт қазақстандық спортшы шыққанымен, ешқайсы жүлдеге іліне алмады.
Коки Камада - 2:52:34
Темулен Хадбаатар - 2:53:15
Энки Фу - 2:53:57
Руслан Алиев - 2:54:16
Андрей Ремхе - 2:56:54
Рудольф Ремхи - 2:56:56
DNF Владимир Колтунов
15 ақпан күні 23 жасқа дейінгі әйелдер күш байқасып көреді. 16 ақпанда ерлер арасындағы топтық жарыс өтеді.