Керлингтен Қазақстан құрамасы Азия ойындарының жартылай финалына шықты

Керлингтен Қазақстан құрамасы Азия ойындарының жартылай финалына шықты

Қазақстан әйелдер құрамасы керлингтен Харбинде (Қытай) өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында медаль үшін өнер көрсетуін жалғастыруда, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

13 ақпанда олар Гонконг құрамасымен кездесті. Матч толық 7 эндке созылып, қазақстандықтар 3:6 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы жартылай финалға жолдама алды. 

Айта кетейік, жартылай финал 13 ақпанда Астана уақытымен 16:00-де өтеді. Отандастарымыз Оңтүстік Кореяға қарсы ойнайды.