logo

Қазақстан құрамасы тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында алтын медаль иеленді

Қазақстан құрамасы тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында алтын медаль иеленді

Қазақстан құрамасы тас жолдағы велспорттан Пхитсанулокте (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сілтеме жасап. 

Біздің спортшылар аралас командалық эстафетада жеңіске жетіп, тұғырдың ең жоғары сатысына көтерілді.

Елімізге алтын медальді Дмитрий Груздев, Евгений Федоров, Антон Кузьмин, Махаббат Үмітжанова, Рината Сұлтанова және Анжела Соловьева алып келді.

Күміс жүлдені Жапония иеленсе, қола медаль Гонконгқа бұйырды.