Қазақстан U-19 құрамасы Еуро-2026 іріктеуінің элиталы кезеңін жеңіспен бастады
Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңінің элиталы кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Сергей Лабодовский шәкірттері алғашқы матчта 5-топтың алаң иесі Румыния құрамасына қарсы ойнап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Голдарды Абылай Төлеухан 13-минутта және Азамат Тұяқбаев 66-минутта соқты.
Келесі ойында Қазақстан U-19 құрамасы Украинаға қарсы ойнайды. Матч 28 наурыз күні Қазақстан уақытымен 14:00–де өтеді.
Қазақстан U-19 — Румыния U-19 — 2:0 (1:0)
Голдар: Төлеухан 13, Тұяқбаев 66
Ескерту: Ақылбаев 20, Ташпулатов 47, Әбіш 55, Құсайынов 66 — Фотин 28
Қазақстан U-19: Қалмұрза (қ), Қалиқұлов, Қалиев, Базарбаев, Ташпулатов, Ақылбаев, Петрик (Жексенбек 90), Әбіш (Кеңесбеков 90), Тұяқбаев (к) (Махаметжан 68), Төлеухан (Абраев 68), Бірқұрманов (Бекболат 82)
Қосалқы құрам: Құсайынов (қ), Сағын, Төребек, Нұрғали
Румыния U-19: Унгуреану (қ), Гашпер, Уркан, Фотин (Мойса 64), Течереш, Пырву (к) (Петкурлеску 80), Вереш, Гера, Дойкару (Боснеак 80), Стоян (Доана 90+4), Тома (Нексулеску 64)
Қосалқы құрам: Ракашан (қ), Бодо, Сенчуич, Котор
Төрешілер: Филип Фаруджа, Марк Чантар (екеуі де — Мальта), Дион Фиккерт, Джоуи Коэй (екеуі де — Нидерланды)
25 наурыз 2026 жыл. Румыния, Волунтари, Ангел Йордэнеску атындағы стадион.