Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы «Talents Cup» турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Бішкекте өткен «Talents Cup» турнирінде бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Sport+.
Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен турнирде біздің команда үш матчтың екеуінде жеңіске жетіп, 6 ұпаймен турнирлік кестеде бірінші орын алды.
Турнирдің үздік ойыншысы болып қазақстандық жартылай қорғаушы Давид Зеречный танылса, үздік қақпашы — Абай Заманбек атанды.