Павлодарлық «Ертіс» «Қайрат» клубының түлегімен келісімшартқа қол қойды
Павлодарлық «Ертіс» клубы 24 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Арсен Буранчиевпен келісімшартқа қол қойылғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арсен Буранчиев Бішкекте (Қырғызстан) дүниеге келген, алайда жас кезінде Алматыға көшіп, «Қайрат» академиясына қосылған. Буранчиев клуб жүйесінің барлық сатыларынан өтіп, негізгі команда сапында өнер көрсетті. Жалпы алматылық клуб құрамында 66 матч өткізді. «Қайратпен» бірге жартылай қорғаушы екі рет Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанып, сондай-ақ Қазақстан Кубогын жеңіп алды.
Сонымен қатар, оның халықаралық аренада да тәжірибесі бар — Конференциялар лигасы, Еуропа лигасы және УЕФА Чемпиондар лигасы матчтарында өнер көрсеткен. Арсен сондай-ақ Қазақстанның жастар құрамасының намысын қорғап, Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі ойындарына қатысқан.
Өткен маусымды Буранчиев петропавлдық «Қызылжар» клубы құрамында өткізіп, Қазақстан Премьер-лигасы-2025 аясында 19 матчқа қатысты.