Қазақстан таеквондодан халықаралық Гран-при кезеңінде бақ сынайды
5 қыркүйекте Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында әлемдік Гран-при кезеңі басталады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған байрақты бәсекеде ел намысын алты спортшы қорғайды.
Ерлер арасында Дамир Шуленов пен Ергеш Бекасыл жүлдеге таласса, әйелдер арасында Айдана Құмартаева, Нодира Ахмедова, Мария Севостьянова және Нұрай Хусаинова өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Гран-при кезеңі 7 қыркүйекте аяқталады.