Есбол Сұлтанов 2026 жылғы негізгі жарыстар мен мақсаттарды атады
Таеквандодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтанов 2026 жылға арналған жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Sport+.
«Маусымдағы ең маңызды жарыстар артта қалды. Әлем чемпионатында жүлде алған бес спортшы Қазақстан чемпионатынан босатылды.
2026 жылы бізді маңызды жарыстар күтіп тұр: алғашқысы мамыр айында Моңғолияда өтетін Азия чемпионаты, одан кейін Жапонияда өтетін Азия ойындары. Іріктеу құрама сапына кіретін спортшылар арасынан жүргізіледі.Азия чемпионатына дейін спортшылар екі халықаралық турнирге қатысып, содан кейін Моңғолияға аттанады. Келесі жыл біз үшін өте маңызды, себебі жаз айынан бастап Олимпиадаға іріктеу басталады. Әрбір ұпай аса маңызды болады, өйткені әр балл Олимпиада ойындарына жолдама тағдырын шешуі мүмкін», — деп бапкердің сөзін Федерацияның баспасөз қызметі келтіреді.