logo

Қазақстан сұрмергендері Азия кубогының қола жүлдегері атанды

Қазақстан сұрмергендері Азия кубогының қола жүлдегері атанды

Сингапурда садақ атудан Азия кубогының кезеңі жалғасуда, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Турнир аясында әйелдер командалары арасында блоктық садақ атудан қола медаль үшін бәсеке өтті.

Қазақстан құрамасы Бангладешпен кездесіп, бұл бәсекеде біздің спортшылар 230:224 есебімен жеңіске жетті. Команданың намысын Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова және Виктория Лян қорғады.

Азия кубогының алтын жүлдесі үшін енді Үндістан мен Малайзия командалары бақ сынайды.

Айта кетейік, жартылай финалда Қазақстан құрамасы Үндістанға небәрі бір ұпай айырмасымен жол берген болатын — 229:230.