Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Қазақстанның әйелдер құрамасы Дели қаласында (Үндістан) семсерлесуден өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатының финалына жолдама үшін таласады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Құрлық біріншілігінің ширек финалында қазақстандық шпагашылар Жапония құрамасынан басым түсті. Кездесу 45:42 есебімен аяқталды. Ал 1/8 финалда Ирина Бакалдина, Владислава Андреева және София Николайчук Таиландты ірі есеппен жеңді (45:22).
Жартылай финалда Қазақстан құрамасының қарсыласы өз ширек финалдық кездесуінде Тайбэйді 45:28 есебімен ұтқан Оңтүстік Корея құрамасы болады.
Айта кетейік, қазақстандық семсерлесушілер кем дегенде қола медальға қол жеткізе алады.