Қазақстан каратэден Азия чемпионатында үздік үш команданың қатарына енді
Индонезияның Бали аралында ересектер арасында өткен WKF нұсқасындағы XXII Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+ ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 3-орынға тұрақтады.
Жүлдегерлеріміз:
Алтын медаль иегерлері:
Жоламан Биғабыл (-55 кг)
Олжас Алтынбек (-67 кг)
Күміс медаль иегерлері:
Әсел Қанай (-61 кг)
Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг)
Қола медаль иегерлері:
Бэлла Самашева (-55 кг)
Даяна Даренская (-68 кг)
Никита Тарнакин (-84 кг)
Биылғы Азия чемпионатына құрлықтың 33 елінен 400-ден астам спортшы қатысты.
Қазақстан құрамасы үшін бұл турнир күзде Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі болды.