Қазақстан гандболдан Италиядағы халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан гандболдан Италиядағы халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан ерлер құрамасы гандболдан Италияның Терамо қаласында өткен Interamnia World Cup халықаралық турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан жартылай финалда Италияны 23:13 есебімен жеңді. Ал ақтық сында Ливия құрамасын 28:23 есебімен тізе бүктірді. Осылайша алтын медаль жеңіп алды.

Ливия құрамасы екінші орынға жайғасса, Бельгия үздік үштікті түйіндеді.



Күн шежіресі