Қарамта қайтаруға мүмкіндік бар ма? «Барселона» – «Атлетико Мадрид» матчының тікелей эфирі
Футболдан Испания кубогының жартылай финалындағы алғашқы матчта «Атлетико Мадрид» «Барселона» командасын 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
«Камп Ноу» трибуналары мұндай ерлікті бұрын да көрген. 2017 жылдың наурыз айында «Барселона» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде ПСЖ клубын 6:1 есебімен тас-талқан етіп, тарихқа енген еді.
«Барселонаның» жаңа буын көшбасшылары Лионель Месси, Неймар және Луис Суарес жасаған аңызға айналған камбэкті қайталай ала ма?
Мұны 3 наурыздан 4 наурызға қараған түні білеміз. Ойынның басталуы — 01:00.
Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.