«Бенфика» «Жил Висентеден» жеңісті жұлып алды (видео)
Португалия Премейрасының 24-туры аясында «Бенфика» сырт алаңда «Жил Висенте» командасымен кездесті.
Қонақтар бірінші таймда есеп ашты — чемпионаттың үздік сұрмергені Вангелис Павлидис мергендігімен көзге түсті. Алайда екінші таймның басында алаң иелері Эктор Эрнандестің күшімен есепті теңестірді.
Ойын тағдыры 73-минутта шешілді: «бүркіттердің» норвегиялық шабуылшысы Андреас Скьелдруп дәл соққымен көзге түсіп, Моуриньо шәкірттеріне маңызды жеңіс сыйлады.