«Фенербахче» Антальяда ұпай жоғалтты (видео)
Түркия чемпионатының 24-турында «Фенербахче» «Антальяспормен» өткен матчта ұпай жоғалтты.
Кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Алаң иелері 50-минутқа дейін 2:0 есебімен алда болды: Сандер ван де Стрек гол соқты, тағы бір доп автогол ретінде тіркелді. Алайда «канарейкалар» Сидики Шерифтің күшімен бір гол айырмасын қысқартты. Кейін «Антальяспордың» қақпасына жасалған қысым тағы бір автоголға әкелді.
Қорытындысында — тең ойын.