Жеңілістен кейін қарымта қайтару? «Галатасарай» — «Аланьяспор» матчының тікелей эфирі
Турнир кестесінің көшбасшысы әрі Түркия чемпионы «Галатасарай» өткен турда «Коньяспордан» 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Тек матчтың 110-минутында «Фенербахче» жіберген гол керемет жағдай туғызып, Окан Бурук шәкірттеріне бірінші орынды сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Алда тағы бір қиын сынақ — «Аланьяспор». Жерорта теңізі жағалауынан келген қонақтар сырт алаңда соңғы 9 матчта жеңілген жоқ. Алайда ыстамбұлдықтарға шегінер жол жоқ — олар Коньядағы жеңіліс үшін қарымта қайтаруы тиіс.
Матч 22:00–де басталады. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.