«Оқжетпес» тәжірибелі футболшымен келісімшартқа қол қойды
«Оқжетпес» клубы 32 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Еркебұлан Нұрғалиевпен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ көкшетаулық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еркебұлан Нұрғалиев 1993 жылдың 12 қыркүйегінде Семей қаласында дүниеге келген. Кәсіби мансабын семейлік «Спартакта» бастаған, сондай-ақ «Ертіс», «Алтай», «Верея», «Ақжайық», «Шахтер», «Елімай», «Ақтөбе» және «Каспий» клубтарында өнер көрсеткен.
Өткен маусымда Нұрғалиев ақтаулық «Каспийдің» намысын қорғап, барлық турнирлерде 16 матч өткізіп, 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, Нұрғалиев 2017 жылғы маусымда да «Оқжетпес» сапында ойнаған.